jasqazaq.kz

Ақтауда салмағы алты келіге жуық бала дүниеге келді

13 наурыз 2018, 12:25

Ақтаудың перинаталды орталығында салмағы 5,8 келі болатын сәби кесарь отасы арқылы дүниеге келді. Көпсалмақты нәресте биылғы жылдың көрсеткіші бойынша АҚПО-да туылған ең үлкен сәби.

Ғалия Балжігітованың айтуынша, салмағы 4 келіден асатын нәрестелер саны күннен күнге артып келеді. Жылдың басынан АҚПО-да салмағы 4 келіден асатын 231 сәби дүниеге келген, бұл жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 20% -дан астамын құрайды. Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеп, Stan.kz хабарлайды.

«2016 жылы салмағы төрт келіден асатын 864 бала дүниеге келсе, бұл көрсеткіш 2017 жылы 960-қа өсті. 2018 жылы кесарь отасы арқылы көпсалмақты 56 сәби дүниеге келді. Көпсалмақты балалардың тууы әртүрлі факторларға, соның ішінде тұқымқуалаушылыққа, ананың ағзасындағы метаболикалық бұзылыстарға, сондай-ақ генетикалық ауытқұларға байланысты. Бірақ, балалардың көпсалмақты болып туылуы ауру болып табылмайды. Тек, жүкті әйелге босану кезінде қиындау болады. Зерттеулерге сәйкес, ұрықтың макросомиясы бар әйелдердің 80% -ы еш қиындықсыз, өздері босана алады», – деп түсіндірді Ғалия Балжігітова.

Сонымен қатар, АҚПО-да 19 жастағы әйел салмағы 1,94 келі, бойы 45 сантиметр болатын ең кішкентай сәбиді дүниеге әкелген.

Айта кетейік, жаңа туған нәрестенің орташа салмағы 3,3-тен 3,5 келіге дейін болуы керек. Биылғы жылдың көрсеткіші бойынша АҚПО-да барлығы 1337 бала дүниеге келген екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде