jasqazaq.kz

Ақтауда пышақпен қаруланған қарақшылар лотерея клубына шабуыл жасады (Видео)

30 шiлде 2021, 18:00

Ақтауда лотерея клубына қарақшылық шабуыл жасалды. Қарақшылар мекемеден бір миллионнан астам теңге алып кетті.

Оқиға 5 шағын аудандағы «Loto Club» лотерея клубында болған. Ол жерге екі ер адам кіріп келіп, қомақты қаржыны қолды қылған.

«Қаскүнемдер күзетші мен кассирші қызды пышақпен қорқытқан. Осылайша, кассадан 1 миллион 150 мың теңге ұрлап, содан кейін оқиға орнынан қашып кеткен», — деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Маңғыстау облысының екі тұрғынын анықтап, ұстады.

«Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен ұсталғандарға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді»,-делінген хабарламада.

Дереккөзі: ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия