jasqazaq.kz

Ақтауда полиция қызметкерін пышақтап өлтірген күдікті ұсталды

04 тамыз 2022, 10:38

Ақтау қаласы ювеналды полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2 тамыз күні сағат 03:50 шамасында мойын тұсына алған жарақатпен полиция қызметкері облыстық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде есін жимастан көз жұмды.

«Пышақталған учаскелік полицей жансақтау бөлімінде есін жимастан қаза болды. Қазір бұл іске күдікті – 27 жастағы азамат ұсталды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп мәлім етті Маңғыстау облыстық Полиция департаментінен.

Қаза тапқан азамат 26 жаста, Маңғыстау облысында туған. Үйленген, 3 баласы бар. Қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде