
Ақтауда патрульдік көлік жүргізушісі жол апатына ұшырады. Бір адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.
«30 сәуірде түнгі сағат 02.30-да Ақтаудағы 5, 6, 7 және 8-ші шағынаудандардың қиылысында патрульдік автомобиль мен Hyundai Accent маркалы автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды.
Апат салдарынан екі адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, екіншісі ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады департамент өкілдері.
Апат болған жерде түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Автотехникалық сараптама тағайындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram