jasqazaq.kz

Ақтауда педофил балаларға шабуылдаған

06 сәуiр 2018, 11:32

Ақтаулық полицейлер ата-аналарды аса сақ болуға шақырып жатыр. Тіпті мектептерде арнайы шаралар өткізіліп, тәртіп сақшылары арам ойлы азғынның түр-әлпетін сипаттап берген деп хабарлайды.
Nur.kz хабарлағандай, олардың айтуларынша, күдіктінің бойы ұзын, көзі көк. Аузында бір тісі жоқ, ал өзі ақсап жүреді екен.
Абырой болғанда, одан ешкім зардап шекпеген. Бірақ кішкентайлар қатты шошынып қалған.
Дегенмен нақты қанша балаға шабуыл жасалғаны және оқиғаның қай ауданда болғаны белгісіз. Ішкі істер қызметкерлері болса «ешқандай педафил жоқ, бұл жалған ақпарат» дегенді алға тартып отыр.
Қазір осыны таратқандар да іздестіріліп жатқан көрінеді. Ал қаладағы мектептердің бірі учаскелік полицейлердің қатысуымен ата-аналар жиналысының өткенін растады.
«Инспекторлардың айтуынша, педофил балаларға шабуылдаған. Енді сондай жағдайлар қайталанбас үшін, құлаққағыс ретінде ата-аналардың жиналысын өткіздік. Оқушыларды үлкендер мнідетті түрде мектепке шығарып салып, күтіп алу керек», — дейді №7 мектеп директорының орынбасары Ляззат Жақсыбаева.

Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам