jasqazaq.kz

Ақтауда пәтердегі жарылыстан ер адамның бір қолы жұлынып кетті

05 желтоқсан 2022, 10:35

Ақтауда пәтерлердің бірінде жарылыс болып, ер адамның қолы жұлынған. Жәбірленуші реанимацияда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz-ға сілтеме жасап.

Оқиға өткен сенбі, 3 желтоқсанда 27-шағынаудандағы №46 үйде болған. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған.

Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.

Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.

«Егжей-тегжейлі ақпарат дүйсенбіде беріледі», — деді аурухана өкілі.

№46 үй тұрғындары зардап шеккен ер адам — әскери қызметші. Ол бұл пәтерде отбасымен бірге тұрады.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр