jasqazaq.kz

Ақтауда оралмандар баспаналарынан қуылып жатыр

30 наурыз 2018, 21:47

Төрт жылдан бері бейімдеу орталығында тұрып келген 139 отбасы енді қайда барарларын білмейді . Айтуларынша, осы уақытқа дейін жергілікті билік тарапынан ешбір көмек көрсетілмепті. Бұл туралы КТК теларнасы хабарлады.

Тамар Ісжанова: -Бізге шығыңдар деп жатыр. Қайда барамыз. Әкімдікке барсақ құжат жинаңдар дейді.Бір-екі күнде құжатты қалай жинаймыз? «Нұрлы көш» бағдарламасымен келдік. Үй, баспана, квота беру керек болған. Иран мен Өзбекстаннан ата жұртқа көшіп келген қандастарымыз уәде етілген арнайы бағдарлама мен квотаның бірі де жасалмағанын айтып наразы. Азаматтық ала алмай сабылған жандар жұмысқа да орналаса алмай жүр екен. Жергілікті билік болса төрт жыл бұрын оңалту және бейімдеу орталығын әлеуметтік жатақхана деп өзгертіпті. Енді орталықта әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, жетім-жесірлер мен мүгедектер қоныстанады. Ал, 139 отбасы жатақхананы босату керек. 31 наурызға дейін орталықтан өз еркімен кетпеген жұртты күшпен қуылатындығы ескертілді. Ақ жағалылар болса ұзақ жылдар бойы баспана алуға талпынбай, қамсыз отырған оралмандардың өздерін кінәлайды. Набат Баймұналова Маңғыстау облысы әлеуметтік бағдарламалар басқармасның бөлім басшысы: -Құжаттар тапсырсын. Шыныменде, әлеуметтік жағдайы жоқ екенін айқындайтын құжаттары бар оралмандарды жатақханада қалдырамыз. Қалғандары босатады. 7 жыл бойы Үкіметке қарап отыра беруге болмайды ғой. Қазақстанға үлесім тисін деген адам ұмтылу керек қой.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде