jasqazaq.kz

Ақтауда офицерлер сарбазды қинап өлтірген

27 желтоқсан 2018, 11:37

Ақтаудағы әскери сотта 21 жастағы жауынгер Бақытбек Мырзамбековтың өліміне қатысты үкім шықты. Сарбаздарға әлімжеттік көрсеткен 5 бірдей шенді жазасын түрмеде өтейтін болады. Олар марқұмға шіліңгір шілденің отыз градус ыстығында ауыр жаттығулар жасатып, есінен танғанша зорықтырған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

-Мұсабаев Бағлан Асхатұлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 453 бабы 2 бөлімімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Ең алдымен үкім «Үстірт» әскери бөлімінің басшысы Бағлан Мұсабаевқа қатысты оқылды. Қызметіне салғырт қарап, қарамағындағылардың не істеп жүргенін жөнді бақыламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал оның орынбасары Нұрбол Садабаев пен офицер-психолог Нұрлан Ыдырышов 5 жыл өмірін түрмеде өткізеді. Дәл осы екеуі шілденің оны күні сарбаздарды аптап ыстықта зорыққанша жаттығу жасатқан. Онымен қоймай бастарына күн өткенін айтып жалынған жауынгерлерге құлақ аспапты. Ақыры сол жерде есінен танған 21 жастағы Бақытбек Мырзамбеков есін жимастан қайтыс болады. Айыпталушылардың қатарындағы тағы екі әскери Жасұлан Әбікенов пен Нұрлан Әлмұханов та жазасыз қалмады. Тергеу кезінде бұл екеуінің сарбаздарға әлімжеттік жасап, күн көрсетпегені белгілі болды. Әсіресе Жасұлан Әбікенов жауынгерлерді ұйқысынан оятып алып, сабаған. Сондықтан 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал әріптесі сарбаздарды сабамаса да қасында жүрген. Ол енді жазасын шартты түрде өтейді. Бұдан бөлек сотталушылар қайтыс болған сарбаздың отбасына 8 жарым миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер