jasqazaq.kz

Ақтауда менингитке байланысты әскери бөлімде карантин жарияланды

02 қазан 2018, 9:30

Ақтауда менингит жұқтырған жауынгер ауруханаға түсті. Оның хәлі өте нашар дейді дәрігерлер. Қазір ес-түссіз жатқан сарбаз жасанды тыныс алу апаратына қосылған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, 21 жастағы науқас Бауыржан Елкүндиев 30-шы қыркүйек күні 66-55 әскери бөлімінен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Ол үш күн бойы өзінің басы ауырып, дене қызуы көтерілгенін айтқан. Алғашқы белгілері менингитке ұқсағандықтан, мамандар дереу тексеруге алып, ақыры күдік расталды. Қазір ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Тіпті туыстарын да маңына жолатпай жатыр. Сондай-ақ бұл жұқпалы инфекция болғандықтан, науқаспен қарым-қатынаста болған 355 жауынгер де тексерілетін болды. Ал осы жағдайдан кейін әскери бөлімде карантин жарияланған. Болат Каюпов, Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры: -Бұл менингит болғанымен инфекцияның нақты қай түрі екенін айта алмаймыз әзірге. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қорытынтысы кейінірек айтылады. Қазір науқас және онымен жақын қатынаста болған жауынгерлер де біздің қатаң бақылауда.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді