jasqazaq.kz

Ақтауда Land Cruiser жүргізушісі әйел адамды баласымен бірге қағып кетті

21 желтоқсан 2021, 15:25

Қайғылы оқиға 2021 жылдың 20 желтоқсанында 16 және 19 шағын аудандар арасында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Ақтау полиция басқармасының «102» кезекші пультіне шақырту 2021 жылғы 20 желтоқсан сағат 23:45-те түсті.

«Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Нәтижесінде 29 жастағы әйел алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ал бес жасар қызы Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, ол да есін жия алмай, қайтыс болды», — деп хабарлады облыстың полиция департаменті.

Облыстық балалар ауруханасында дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ баланы құтқару мүмкін болмады деп хабарлады.

«Бүлдіршінді сағат 00:26-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем көлігімен жеткізді. Дәрігерлер 3-дәрежелі травматикалық шок, политравма, көкбауыр, асқазан және бауырдың жарылуы, ауыр дәрежелі жабық бас сүйек-ми жарақаты диагнозын қойды. Дәрігерлердің күшімен жедел емдеу жүргізілді, бірақ, өкінішке қарай, таңғы сағат беске жақын қызда жүрек ұстамасы анықталды», — деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде.

«Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп атап өтті полицияда.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр