
Ақтауда әскери форма киген белгісіз біреулер көшеде кетіп бара жатқан жігітті көлікке отырғызуға тырысып, «әскери комиссариатқа» алып кетпек болған.
Stan.kz жазғандай, інісінің басынан өткен жайт туралы ағасы айтып берді. Ол ұсынған видеодан әскери киім киген екі ер адамның жас жігітті азаматтық көлікке отырғызуға тырысып, «әскери комиссариатқа» алып кетпек болғаны байқалады.
«Олардың неліктен қызметтік көлікпен жүрмегенін және тұрғылықты мекен жайына неліктен әскерге шақырту келмегенін сұрағанда. Олар өздерінде шақырту қағазы мен қызметтік көлік жоқ екенін айтты. Тек қандайда бір шаралардың жоспарын көрсетті», – дейді ағасы.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=170&v=vqvKMJH9IY4