jasqazaq.kz

Ақтауда көпқабатты үйдің сыртқы қаптамасы опырылып түсті (Видео)

23 мамыр 2021, 17:45

Ақтауда қатты желдің салдарынан көпқабатты тұрғын үйдің қаптамасы опырылып түсті. Салдарынан газ құбыры зақымдалды. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Бүгін таңғы сағат 03.30-да Ақтаудың 30-шағынауданындағы тұрғын үйлердің бірінің қабырғасы құлап түсті.

«Оқиға күндіз болса, зардап шеккендер болушы еді. Бұл үй ақпаннан бастап Меншік иелері қауымдастығының (МИҚ) басшылығына өтті, сондықтан жауапты адамды таба алмаймыз. МИҚ басшылары мен қызметкерлері уәде айтады, бірақ міндеттемелерін орындамайды», — дейді үйдің тұрғыны Сәуле.

Әкімдік мәліметінше, апат қатты желден болған. Салдарынан газ құбыры бүлінді. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында қала әкімінің орынбасары Серік Гусман, әкімдіктің және төтенше жағдайлар басқармасының тиісті жауапты бөлімдері, сондай-ақ Мүлік иелері бірлестігінің бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр.

Қауіптің алдын алу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері газ беруді уақытша тоқтатты. Құбырлар тексерілгеннен кейін газ қайта беріледі.

Опырылған қабырға арнайы техникамен жиналып жатыр.

Түстен кейін қабыршақтанған қабырға тегістеледі. Тұрғын үйді толық қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде