jasqazaq.kz

Ақтауда көктайғақтан 50 шақты адам зардап шекті

24 желтоқсан 2018, 16:15

Ақтауда кеше түнде себелеп жауған жаңбырдан соң аяз түсіп, таңертең дала көшелері көктайғақ болды. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Таңертеңгілік уақытта қоғамдық көліктер әдеттегі кестесінен кешігіп, тұрғындарға біраз қиындықтар туғызды. Ал, такси жүргізушілері жағдайды пайдаланып, бағаны өсірді. Осылайша, таңертең жұмысына асығып жүріп тайып құлап, облыстық ауруxананың қабылдау бөліміне түскендер көп болды. МО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің xабарлауынша, ауруxананың қабылдау бөліміне таңертеңгі 8-ден қазіргі уақытқа дейін 50 шақты адам келіп қаралған. Олардың 3-еуі ауруxанаға жатқызылыпты.

«Әдетте, қабылдау бөліміне күні бойы 25-тей адам жүгінетін. Ал, мына көк тайғаққа байланысты әртүрлі шағыммен жарты күнде 50-дей адам келді. Балалар ауруxанасында жағдай бірқалыпты. Штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Онда ешкім шағыммен келмеді»,- дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаев. Қысқы дөңгелек ауыстырмаған көлік иелері де зардап шекті. Осы уақыт ішінде 5 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

МО ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты салдарынан денсаулығына зақым келгендер жоқ. Аталған фактілер бойынша ҚР Әкімшілік кодексінің 610-бабы, 1-бөлігі бойынша іс қозғалған.

Ауа райының күрт өзгеріп, көктайғақ болуына байланысты таңғы 7-ден бастап қала көшелеріне кұм-тұз шашу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде