
Қыздар төбелісінің видеосы әлеуметтік желіде 2 қыркүйекте пайда болды.
Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. Жергілікті басылымның хабарлауынша, қыздар төбелесі Ақтау қаласының 7А ықшамауданындағы TOFU бар-мейрамханасы алдында болған. Қыздардың не себепті жаға жыртысып жүргені белгісіз.
Видеодан екі қыздың бір-бірімен ерегесіп, мәселені «жігіттерше» шешіп жатқанын көруге болады. Ақыры қып-қызыл төбелеске ұласады. Қасындағы басқа қыздар оларды ажыратып әлек.