jasqazaq.kz

Ақтауда қарулы топ букмекерлік кеңсеге шабуыл жасады

20 наурыз 2019, 9:45

Ақтауда тапатал түсте букмекерлік кеңсені тонауға келген қарақшылар бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Қызығы сол, әлеуметтік желіге тарап кеткен кадрларды көрген жұрт жағаларын ұстаудың орнына, керісінше, күлкіге қарық болды, — деп хабарлайды КТК тілшісі.

Ал оған себеп — қарулы шабуыл кезінде тәтті ұйқыда жатқан азамат. Букмекерлік кеңсеге бәс тігуге келген ол, тіпті, қарақшылар кассирлерге айқайлап жатқанда да оянған жоқ. Кадрларда тапаншамен қаруланған ұрылардың бірі кассадағы қызға қоқан-лоқы көрсетіп, ақша талап етеді. Қолға түскен олжаны пышақ ұстаған екінші ұры алып кетеді. Ұры келесі кассаға жақындағанда ондағы кассир қарсылық көрсетеді. Қарақшымен алысқан қыз шақырту қоңырауын басып үлгереді. Дабылдың қағылуы сол екен, ұрылар із суытқан. Қалың ұйқыдағы кісі сонда да оянбады. Қазіргі кезде үш қарақшы да қамауға алынды. Ақпарат бойынша, ұрылар кассадан 130 мың теңге алған, бірақ жаратып үлгермепті.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде