jasqazaq.kz

Ақтауда караокені тексеріс төбелеспен аяқталды (видео)

15 сәуiр 2021, 13:25

Ақтауда карантин шектеулерін бұзған караоке-бардың иесі операторға шабуыл жасады. Ол мекемені видеоға түсіріп жүрген. Оқиға қаладағы түнгі мекемелерді тексеру кезінде болған, — деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Зардап шеккен оператор шабуыл жасалған сәтті видеоға түсіріп үлгерген. Оның айтуынша, ер адам артынан шабуыл жасап, қымбат техникасын тартып алып, сындырған.

«Ол шынтағымен бетімнен ұрып, бейнекамераны тартып алды. Екі сағаттан кейін топ құрамында болған учаскелік инспектор қосымша топ шақырды. Бейнекамераны сол кезде қайтарды», — деді видеоға түсіруші Абай Жанысбаев.

Караоке-бар өкілінің айтуынша, тексеру кезінде олардың біреуі пердені сындырған, ал шабуыл туралы әсірелеп айтқан. Ер адам камерасы бар оператор мониторингтік топ мүшесі екенін білмеген.

«Оның камерасын алып, барға қойдым. Ешкімді ұру, соғу болған жоқ. Жай түсіндіруге болса, ұрудың не керегі бар… жала жапты», — дейді мекеме өкілі Қамбар Жариев.

Карантин режимін бұзғаны үшін караоке-барға айыппұл салынбады. Бірақ операторға қатысты іс сотта қаралады.

«Қазіргі уақытта факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», — деп мәлімдеді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия