jasqazaq.kz

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирді ұйымдастырушы қамауға алынды (Видео)

18 шiлде 2022, 16:24

Ақтауда Хабиб Нурмагомедов қатысқан турнирде полицейді итеріп жіберген ұйымдастырушы 10 тәулікке қамауға алынды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті мәлім етті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

16 шілдеде Ақтауда халықаралық турнир өтіп, оған UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қонақ ретінде қатысты.

«Келесі күні әлеуметтік желілерде ұйымдастырушылардың бірі полиция қызметкерін итеріп жіберген видео тарады. Видеодағы адамның жеке басы анықталып, ол Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді», — деді полициядағылар.

Әкімшілік сот шешімі бойынша, Ақтау қаласының арнайы қабылдау орнында 10 тәулікке қамауға алу туралы үкім шыққан.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр