jasqazaq.kz

Ақтауда ер адамды күрекпен сабаған

04 қазан 2021, 22:51

Ақтауда жол бойында жаппай төбелескендердің видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видео кадрларынан бірнеше ер адам жерде жатқандарды күрекпен ұрғанын көруге болады. Оқиға автокөліктердің маңында болған.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2021 жылдың 4 қазанында шамамен сағат 16.30-да Ақтау қалалық Полиция басқармасының кезекші пультіне 6-ықшамаудандағы 37-үй маңында жаппай төбелес болғаны туралы хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттанды. Төбелескендер ұсталып, Ақтау Полиция басқармасына жеткізілді. Жанжал ішімдік ішкеннен кейін тұрмыстық сипатта болғаны анықталды», — деді полициядағылар.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша тіркелгені хабарланды. Тергеу жүріп жатыр.

 

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия