jasqazaq.kz

Ақтауда ер адам көшеде купальникпен серуендеп жүр (видео)

20 тамыз 2018, 15:46

Ақтауда көшеде купальникпен серуендеп жүрген жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Бұл туралы Lada.kz Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеп хабарлады, деп жазады Stan.kz .

Желіде ер адамның қала көшелерінде әйелдерге арналған купальникпен және шұлықпен серуендеп жүргені түсірілген видео пайда болды. Жігіт видеода купальникті бәстескендіктен кигенін айтады.

Қазір полиция аталған видеоны тексеруде, содан кейін купальникпен серуендеген ер адамды іздеп оған қатысты шара қолданады.

Дегенмен, мұндай «ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, осы заңды бұзғандар бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл төлеуге міндеттеледі, не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынады.

https://youtu.be/Q3tM3TmngT4

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді