jasqazaq.kz

Ақтауда деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды (видео)

09 желтоқсан 2020, 15:15

Ақтауда 1-шағынауданда деструктивті діни ағымның жақтастары ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Шұғыл құрықтау опеарциясы кеше Ақтаудағы 1-шағынаудандағы жағалауда болды. Күдіктілерде атыс және травматикалық қару-жарақ пен оларға арналған оқ-дәрі табылды. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды. «Облыс аумағында деструктивті діни ағым жетегінде жүрген адамдарды қадағалау барысында 8 желтоқсанда Маңғыстау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің және ЖПБ қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласының 1-шағын ауданы жағалауы ауданында үш автокөлікте болған бір топ адамды ұстады» деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі. Ұсталғандардан үш атыс қаруы, төрт мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Аталған факті бойынша Ақтау қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

https://youtu.be/31K8xVNUOTw

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде