jasqazaq.kz

Ақтауда бұрынғы КВН ойыншысы кісі қолынан қаза тапты

22 шiлде 2018, 9:05

Ақтауда пышақ жарақатын алған Ақтөбе КВН командасының бұрынғы ойыншысы Данияр Әлімбаев қайтыс болды деп хабарлайды «Лада» порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 21 шілде күні алтыншы ықшамаудандағы мекемелердің бірінің жанында шамамен 03:30 болған.

«Түнде екі аяғынан да пышақ жарақатын алған ер адам өте ауыр жағдайда жеткізілді. Бір аяғының күретамыры мен жоғары көктамырларына зақым келген. Оған шұғыл түрде ота жасалынғаннан кейін, жансақтау бөліміне ауыстырылды», — дейді Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімінде.
Қайғылы оқиғаның мән-жайын марқұмның достары айтып берді.

«Түнде бардың маңында жанжал болды. Данияр шетте тұрғанымен олардың бірі оның аяғына пышақ сұғып алды. Оны ауруханаға жеткізгенімен дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Ол көп қан жоғалтқан», — деп хабардар етті әзілкештің досы.
Марқұм Данияр Әлімбаевтің артында 4 баласы қалды.

Маңғыстау ІІД-нің баспасөз қызметінң хабарлауынша, марқұмның өліміне күдіктілер ұсталған.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалары тағайындалған.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді