jasqazaq.kz

Ақтауда биыл пайдалануға берілген көпқабатты элиталы үй өртенді

20 желтоқсан 2021, 10:24

Ақтауда 17-ші ықшамаудандағы «Флоренция» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Төтеншеліктердің хабарлауынша, 17-ші қабат, яғни ағаш тіректен жасалған тұрғын үй кешенінің мансарды өртеніп жатыр.

Тұрғын үй кешенінен 100 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды. Оларға ТЖД және Апатты медицина орталығының мамандары психологиялық көмек көрсетуде. Тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы – 45 822 шаршы метр, мансардтың аумағы – 5 244 шаршы метр, ал қызыл жалын 500 шаршы метр аумақты жалмады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Тұрғын үй кешені 16 қабаттан және мансардтан тұрады. Онда төрт подъезд бен 304 пәтер бар. Тұрғын үй кешені 2021 жылы пайдалануға берілген. Нысан құрылысын «К7групп» ЖШС салған.

Өртті сөндіруге облыстық ТЖД (80 қызметкер, 17 техника), кезекші тергеу жедел тобы (10 қызметкер, 5 техника), Ұлттық ұланның №6656 әскери бөлімі (50 сарбаз, 2 техника), Апат медицинасы орталығы (3 қызметкер, 1 техника), «Ақтаутұрғынүй» КМК (1 қызметкер, 1 су таситын техника) атсалысып жатыр.

Маңғыстау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өртті дрон арқылы белгілі блогер Азамат Сәрсенбаев төбеден түсірген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде