
Облыстық ауруxананың дәрігерлері 1 жарым жасар қыздың ішінен батарейка алып шықты.
Жансақтау және анестезиология бөлімінің меңгерушісі Қазбек Келемановтың айтуынша, батерейка xирургиялық жолмен емес, арнайы аппаратпен алынған. Осылайша, жаңаөзендік 1 жарым жасар қыздың өмірін сақтап қалды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. Анасы қызының теледидар пультінің батарейкасын қалай жұтып қойғанын байқамапты. Келесі күні ғана бала құсып, мазасызданған соң емxанаға апарған. Дәрігерлер УДЗ-ге түсіріп, баланың асқазанында батарейка барын айтқан. Бала бірден Жаңаөзеннен облыстық ауруxанаға жіберіледі. Қазір баланың жағдайы бірқалыпты. Қазбек Келеманов балалардың жанына қауіпті ойыншықтар мен ұсақ заттар тастамауға кеңес береді. Ол 3 жылдан бері ота кезінде балалардың асқазанынан алған заттарды жинап жүр.