jasqazaq.kz

Ақтауда бір топ адамды полиция ұстады (видео)

13 мамыр 2020, 9:34

Ақтауда бір топ адамның ұсталған сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға 12 мамырда 5 шағын ауданда шамамен сағат 20.30-да болған. Ақтау тұрғындары полиция көліктерінің бір жерге жиналып қалғанын камераға түсірген.

Роликтен тәртіп сақшылары ер адамдарды үйден шығарып, полицияның «ГАЗеліне» отырғызып жатқанын көруге болады. Куәгерлердің сөзінше, 15-ке жуық адам тұтқындалған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, 12 мамырда Ақтау полиция басқармасының «102» нөміріне қоңырау түскен және 5 шағын аудандағы 4 үйде бір топ жас (10 адамнан көп) жиналғаны айтылған. Сол қоңырау бойынша Ақтау қаласы ПД патрульдік полиция батальоны шыққан.

«Оқиға орнында ұсталғандар Ақтау полиция басқармасына мәселенің мән-жайын анықтау үшін жеткізілді. Тұрғындарға үш адамнан көп болып, топтасып жиналуға тыйым салынатынын ескертеміз», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

lada.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық