jasqazaq.kz

Ақтауда бір тәулікте 50 адам жер қойнына тапсырылуда

17 шiлде 2020, 10:11

Өлім көрсеткіші күрт өсті. Ақтау тұрғындары зираттағы молалардың көптігінен шошып отыр. Ресми дерек бойынша аймақта коронавирустан 12 адам қайтыс болғанмен, өкпе қабынуынан қанша адамның жер құшқаны жөнінде әлі дерек жоқ. Ал жерлеу рәсімімен айналысатын орталықтар марқұмдардың саны шынында артқанын растады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Соңғы екі аптадан бері іс насырға шапқандай. Осыған дейін өңірде күніне орташа бес адамды жерлесе, қазір бұл көрсеткіш елуге дейін өскен. Бұл тек облыс орталығындағы статистика. Жергілікті тұрғындардың дені бетпердемен жүргенмен, көрінбейтін кеселдің алдында оның өзі қауқарсыз. Ақтаудағы жерлеу рәсімі орталығының мәліметінше, адамдар көктемде негізінен онкология мен жүрек ауруынан қайтыс болған. Қазіргі ахуал мүлде бөлек. Өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны өсіп кеткен.

Наталья Серова, Жерлеу рәсімі агенттігінің директоры:

— Осыдан бірнеше апта бұрын басталды. Бірден 17, одан кейін келесі күні 28 адамға бір-ақ өсті. Басқа күндері көрсеткіш 40, тіптен 50 адамға дейін ұлғайды. Бұл жерде христиандар да, мұсылмандар да бар. Христиандар күніне орташа 10 болса, мұсылмандар 3-4 есеге көп. Көбіне бәрі өкпе қабынуынан көз жұмып жатыр.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия