jasqazaq.kz

Ақтауда баласын өлтіріп алған анаға қатысты үкім шықты

14 маусым 2022, 16:30

Ақтау қалалық соты қызын ұрып-соғып, абайсызда өлтіріп алған әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтау қалалық соты 2022 жылғы 10 маусымдағы үкімімен абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деп айыпталған сотталушы И.-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК 106-бабы 3-бөлімі). И есімді азамат биылғы 4 қаңтарда кішкентай қызын ұрып, оны бар күшімен итеріп жіберген кезде балада гематома пайда болды. 8 қаңтар күні шамамен түнгі сағат 2-де ашуға әбден булыққан әйел бүлдіршін қызының іш қуысынан жұдырығымен қайта соққы жасады. Одан кейін баланы жалғыз қалдырып, кетіп қалған. Кішкентай баланың мәйітіне жүргізілген сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлім іш қуысының жарақаты салдарынан болған. Сот үкімі бойынша, И. ҚК 106-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 8 жыл жылға сотталды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде