jasqazaq.kz

Ақтауда балалар құрылыс нысанының жоғары қабатында хоккей ойнаған (видео)

02 желтоқсан 2020, 12:17

Ақтауда құрылысы жүріп жатқан нысанның жоғары қабатында ойнап жүрген балалардың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 1 желтоқсан күні 15-шағынаудандағы ғимараттардың бірінде болған. Видеоны түсірген тұрғын теңіз жағалауындағы шағынаудандардың бірінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың соңғы қабатында кәмелетке толмаған балалардың хоккей ойнап жүргенін айтады. Бұл жайт тұрғындарды шошытқан. Өйткені жеткіншектер шығып алған ғимараттың жоғары қабаты қоршалмаған. Ал, Маңғыстау облысында бірнеше күннен бері қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болды. Ал, полицейлер кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтады. «9 және 14 жастағы екі бала полицияға жеткізілді. Олардың ата-аналары шақырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құрметті ата-аналар, балалар мұндай жағдайдың қаншалықты қауіпті екенін түсіне бермейді. Ата-аналардың, білім беру мекемелерінің, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының бірлескен күш-жігерінің арқасында ғана балалардың өзін-өзі сақтау инстинктін дамытып, қоғамда дұрыс мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға болатынына сенімдіміз», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Управление полиции Актау (@up_aktau)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде