
Ақтау қаласының 30 шағын ауданының №114 ғимаратында орналасқан «Айналайын» балабақшасында 14-ақпан күні сағат17:30 шамасында сұмдық оқиға орын алды. Бұл туралы qamshy.kz сайты хабарлады.
Тәрбиеші балабақшадағы тамақ мәселесіне қатысты әңгіме қозғағанда директор Гүлжанат Мұратбай оны оңдырмай сабап тастаған. Жәбірленуші осыған байланысты тиісті орындарға арызын да жазып үлгерді. Алдағы уақытта істің мәселесімен құқық қорғау органдары айналыса жатар. Төбелестің басталуына тәрбиешінің балабақша асханасын видеоға түсіруі себеп болған.
https://www.facebook.com/330546594399167/videos/1383160305159386/?t=0