jasqazaq.kz

Ақтауда арыстанның иесіне жаза тағайындалды

11 шiлде 2020, 10:14

Симба есімді арыстан бұрынғы қожайынынан тәркіленді, ер адамға айыппұл салынды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды инАктау.

Іс Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабы 1-бөлігі (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша қаралды.

Тергеу барысында арыстанды 1995 жылғы жігіт асырағаны белгілі болды. Алайда оған тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Соттың 10 шілдедегі қаулысына сәйкес, Арыстанның иесі кінәлі деп танылып, жануарды тәркілеумен қатар 10 АЕК — 27 780 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақтау маңындағы Ақшұқыр ауылында арыстанның серуендеп жүргені түсірілген видео тараған еді. Оқиға 25 маусымда болған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде