jasqazaq.kz

Ақтауда Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды

16 желтоқсан 2018, 11:44

Ақтауда Тәуелсіздің күні қарсаңында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ескерткіші ашылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биіктігі 5 метр, ені 3,3х3,6 болатын мүсін «Абай» атындағы мәдени демалыс кешенінің алдына орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов қатысты. «Абай ескерткішінің ашылуы қала тарихындағы маңызы өте зор оқиға. Ақынның өмірі, істеген ісі, жазған өлеңдері мен сөздері өз халқының тағдырымен тығыз байланысты. Бүгінде «Адамзаттың Абайы» атанып кеткен кемеңгер ақынның атындағы көшелер мен ескерткіштері елміздің түкпір-түкпірінде, тіпті, әлемнің біраз қалаларында бар. Лондонда Абай үйі, Каирде, Берлинде, Киевте, Бішкек, Баку, Нью-Делиде ақынға көшелер берілсе, Ташкент, Мәскеу, Тегеран, Бейжің мен Будапешт сияқты әлемнің көптеген қалаларында есіл ердің еңселі ескерткіштері мен мүсіндері орнатылған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебесі жаңа биікке көтерілумен келеді», — деді Ералы Тоғжанов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде