jasqazaq.kz

Ақтауда 3 жігітке зорлық-зомбылық жасаған 7 күдікті ұсталды

26 қыркүйек 2022, 13:44


Ақтауда 3 жігітке зорлық-зомбылық жасаған 7 күдікті ұсталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы уақытта әлеуметтік желіде құпия орынға есірткі қалдырып кеткендерді жазалаған сәт бейнеленген видео тарауда. Екі роликте таспаланған оқиға осы жылдың мамыр және маусым айларында Ақтау қаласында орын алған. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі сәтте үш зардап шегуші мен 7 күдікті анықталды. Олардың төртеуіне «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдап алынды. Олар кінәларын мойындап куәлік берді. Жасаған қылмыстары үшін 3-тен 7 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін», — деді ол министрлікте өткен апталық брифинг барысында.

Оның дерегінше, биыл полиция 4,5 мыңнан астам есірткіге қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 959-ы сату фактісі болды. Заңсыз айналымнан 5,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді.

«Синтетикалық есірткілерді тәркілеу екі еседен астам өсті. Ол шамамен 90 келіні құрайды. 23 есірткі зертханасы жойылды. Есірткі контрабандасының 98 фактісі анықталды. Есірткіні жарнамалау фактілері бойынша сотқа дейінгі 97 іс және есірткіні интернет арқылы өткізгені үшін 177 іс тіркелді», — деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр