jasqazaq.kz

Ақтауда 3 жігіт суға кетті

04 тамыз 2022, 14:04

Ақтаудан 43 шақырым Каспий теңізінің жағалауында «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында үш адам суға батып көз жұмды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«3 тамызда сағат 16:38-де Түпқараған ауданы «Дунга» мұнай компаниясының сорғы станциясы ауданында 3 адамның суға батқаны туралы хабарлама келіп түсті. Сол жердегі тұрғындар 31 жастағы ер адамды құтқарған. Бірақ ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Ал құтқарушылар 35 және 31 жастағы азаматтардың мәйітін судан алы шықты» — делінген баспасөз мәліметінде. Жігіттер рұқсат етілмеген жерде суға түскен. Жалпы шомылу маусымы басталғалы өңірде 10 адам суға батып қайтыс болған. Оның біреуі – жасөспірім. Осы жағдайларды ескере отырып, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық