jasqazaq.kz

Ақтауда 21 жер телімі негізсіз берілген

22 ақпан 2023, 12:15

Маңғыстау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы міндетін атқарушы Шаймұрат Шәменов Каспий теңізі жағалауынан жер телімдерін рәсімдеуге қатысты тексеру жүргізілгенін айтты. Тексеріс барысында теңіз жағалауында туризмді дамыту бағытында 21 жер телімі негізсіз берілгені анықталды. Бұл туралы mangystaumedia.kz хабарлады.

«2021 жылы қала әкімдігі демалыс базасын салуға арналған игерілмеген 10 акр жерді кеңейту үшін іргелес жер телімінен 4,7 акр дерді жалға берді. Жердің игерілмеуіне байланысты оны мемлекетке қайтару туралы сотқа талап арыз түсті», – деді Ш.Шәменов. Бұдан бөлек Ақтау қаласының тұрғыны әкімдіктен теңіз жағасына қонақүй салу үшін алған 1,5 гектар жерін кеңейту мақсатында тағы да 1,4 гектар жерді қосымша жалға алған. Жалға алған жер үшінші тұлғаларға сатылған. Бүгінде сотқа жер телімін пайдаланбағы үшін мемлекетке қайтару туралы талап арыз жолданды. Жер қатынастары саласына жүргізген тексеруден кейін кәсіпкерге еш негізсіз берілген 7 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Жер қатынастарына жүргізілетін мониторинг сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізінде іске асырылады.

JQ-Aqparat

29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті