jasqazaq.kz

Ақтауда 15 жастағы қызды зорлап кетті

13 мамыр 2020, 14:44

Ақтауда 15 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ер азамат қамауға алынды.

Бұл туралы облыстық прокурордың орынбасары Ержан Тұрмағанбетов мәлім етті.

Қызының қорланғанын білген оның анасы 8 мамыр күні полицияға арызданған. Қазіргі таңда күдікті ұсталып, үстінен екі қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күдіктінің іс-әрекетіне орай ҚР қылмыстық Кодексінің 120-шы бабының 3-ші және 1-ші бабы 1,2 тармақтарымен яғни, кәмелет жасқа толмаған адамды зорлау (белгілі бір лауазымдарды атқару не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып) және ҚР ҚК 122-ші бабының 3-ші бөлігімен (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас не сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) 17 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 10 мамырда тергеу сотымен күдікті тұлғаға қатысты қолданылған «Күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына екі айға санкция берілді. Қылмыстық істің сапалы және объективті тергелуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды», — деді Ержан Тұрмағанбетов,

Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамауда екен. Тиісті сараптамал тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Stan.kz

05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде
22 қыркүйек, 16:36
Зауыт құрылысында - отандық жабдық! (Видео)
17 қыркүйек, 21:00
Таңғы шық елімен тартымды уағдаластық