jasqazaq.kz

Ақтауда 11 жастағы баласын көршісі ұрып-соққанын айтты (видео)

05 қыркүйек 2018, 16:16

Ақтау тұрғыны Әсия Устенко 11 жастағы баласын көршісінің ұрып-соққанын айтады. Аулада ойнап жүрген балалар лимонод сусынына бола сөзге келіп қалған екен.

sn.kz  жазғандай, бұл оқиға 1 қыркүйекте «Дукат» тұрғынүй кешенінде болған. Әсияның айтуынша, ұлы Данил мен көршісінің баласы лимонад сусыны үшін төбелесіп қалғыпты. Сол арада көршісі өз ұлын жақтап, Данилді ұрып тастаған. Бұл сәт сондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Әсия видеоны полицияға апарып, көршісінің үстінен арыз жазған.

«Көршімнің ұлы Данилді тепкен. Менің ұлым да қарап тұрмапты. Мұны көрген әйел бірден балама бас салған. Оны басынан шұқып, бетінен шапалақпен ұрған. Аулада ары-бері сүйреген. Үш күн бұрын ғана ұлымның басындағы жарақатын тіккен болатын. Жарасы әлі жазылып үлгермеген. Әйелді аулада ойнап жүргендер тоқтатуға тырысқанымен, ол оған қарамаған», – дейді Әсия.

Әсияның айтуынша, сол уақытта күйеуі екеуі емханаға кетіпті. Кешке үйге келгенде Данил көрші әйелдің өзін ұрғанын айтып берген.

«Бұл жағдайды естіген соң бірден ауладағы бейнебақылауды тексерттім. Сөйтсем, рас болып шықты. Ұлым әйел оны өлтіретін шығар деп қорыққан. Содан көршіммен сөйлеспекші болдым. Сөйтсем, кешірім сұраудың орнына ол ұлым екеумізге дәрігерге барып қаралыңдар деп айтты. Ұлымды ұрғанына өкінген жоқ, керісінше өзімізге айғайлады», – дейді Ақтау тұрғыны.

Бұл оқиғадан кейін Әсия Ақтау қалалық ІІБ-ның бөлімшесіне көршісінің үстінен арыз түсірген. Әйелге «ұсақ бұзақылық» деген айып тағылыпты. Алайда Әсия құқық қорғау органдағылардың көршісіне салған айыппұлмен келіспейтінін жеткізді.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=52&v=frtlAKqCH_U

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді