jasqazaq.kz

Ақтау тұрғындарына цифрлық болашақтың бағытын көрсетті

13 желтоқсан 2018, 13:23

11-12 желтоқсанында Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры Ақтау қаласында «QdigitalInform» семинарын ұйымдастырды. Шара қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен өтті.

Цифрлық әлемдегі соңғы жаңалықтар мен блокчейн технологиясы туралы семинар қатысушыларына «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Маңғыстау облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелер басқармасының бас маманы Гүлжанат Қайрадинова мен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Цифрландыру Департаментінің талдаушысы Еркін Ақмамбетов түсіндіріп берді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту болып табылады. Осы орайда, ұйымдастырушылар тарапынан цифрлық болашақ траекториясының негізгі қажеттілігін әрбір қатысушыға жеткізу болып табылады. Әсіресе, қазақ тілді аудиторияға жеткізу, себебі мемлекеттік тілде ақпарат жетіспеушілігі байқалады», — деп Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қорының Бас директоры Айбек Казыгулов бөлісті.

Еске салсақ, Ақтауда осы жоба аясында соңғы шара өтті. Осыған дейін мұндай семинарлар Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Орал қалаларында өткен болатын.

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді