jasqazaq.kz

Ақтау маңында тепловоз бен автобус соқтығысты

15 қазан 2020, 13:13

Ақтау маңында тепловоз бен автобус соқтығысты. Оқыс оқиға бүгін 07:25 шамасында болған. Бұл туралы облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша, 102 кезекшісінің диспетчерлік бөліміне Өмірзақ ауылындағы теміржол өткелінде жолаушылар автобусы мен тепловоз соқтығысып қалды деген қоңырау түскен. Жүргізуші жақындап келе жатқан тепловозды байқамай қалған.

«Зардап шеккендер жоқ. Автобус ішінде адам болмаған. Автобус жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — делінген хабарламада.

Жүргізушіге 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы немесе алты айға дейін көлік құралын жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде