jasqazaq.kz

Ақтау маңында белгісіз сұйықтық құйылған шөлмектер табылды

12 мамыр 2022, 16:11

Маңғыстау облысы Баянды ауылы маңынан жергілікті тұрғын ішіне белгісіз сұйықтық құйылған көптеген бөтелке тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Сары түсті сұйықтық құйылған бөтелкелер 11 мамырда, сәрсенбі күні табылды. Ер адам оны видеоға түсіріп алған. Ролик авторы бөтелкелерді ашуға қорыққанын, оның ішінде улы химикаттар болуы мүмкін екенін нақтылады. Бұл видеотаспаны экология департаменті көріп, оның мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі және экология департаментінің зертханалық-талдау бөлімі мамандары Баянды ауылдық округінің полиция қызметкерлерімен және Мұнайлы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен бірге барды. Сарапшылар бөтелкелердің ішінде сақтау мерзімі өткен сусындар екенін анықтады.

«Бөтелкелерді кім және қашан тастағаны белгісіз. Біздің мамандар Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтарды жинап, полигонға апаруға кеңес берді», — деп нақтылады экология департаментінен.

Экологтар Мұнайлы ауданының полицейлеріне кінәлілерді анықтап, оларды әкімшілік жауапқа тартуды өтінді.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр