jasqazaq.kz

«Ақтау-Бейнеу» жолында қаза болғандар Өзбекстан азаматтары

02 наурыз 2018, 11:39

«Ақтау-Бейнеу» автожолында қаза болған 7 адамның алтауы Өзбекстан азаматтары болып шықты.

Nur.kz хабарлағанадй,бұған дейін хабарлағанымыздай, 1 наурыз күні «Ақтау-Бейнеу» автожолында «Shacman» маркалы жүк көлігі мен «LADA Largus» соқтығысып, cалдарынан жеңіл көлікте болған 6 жолаушы мен оның жүргізушісі оқиға орнында қаза болған еді.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтында хабарланғандай, мерт болғандардың алтауы сол елдің азаматтары болып табылады.

«Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Елшілігінен түскен ақпаратқа сәйкес, 1 наурыз күні сағат 06.00-де Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында, «Ақтау-Бейнеу» күре жолында Ақтау қаласы — Бейнеу ауданы бағыты бойынша бет алған мемлекеттік нөмірі 90 S 830 JA «LADA Largus» пен мемлекеттік нөмірі 737 DPA/12 «Shacman» жүк көлігі соқтығысты. Жол апаты салдарынан өрт болып, алдын ала мәлімет бойынша 7 адам қаза болды. Олардың алтауы Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылады. Аталмыш факті бойынша тергеу шаралары жүргізілуде», — делінген Елшілік ақпаратында.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды