jasqazaq.kz

Ақтау әуежайының қызметкерлері 63 мың литр авиаотын ұрлаған (Видео)

20 қараша 2021, 20:54

Қылмыстық схеманы Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті әшкереледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, департамент қызметкерлері Ақтау халықаралық әуежайында жанар-жағармай қызметінің жүргізушісін заңсыз авиаотын сатпақ болған жерінен ұстаған.

«Тергеу барысында оның әуежайдағы жанар-жағармай қоймасының басшысымен бірге керосин ұрлауды ұйымдастырғаны анықталды. Кейін керосиннің литрін 120 теңгеден сатып отырған. Дилерлер жанармайды мотор майына араластырып, үшінші тұлғаларға литрін 150-160 теңгеге сатқан», — делінген хабарламада.

Әуе айлағы қызметкерлері барлығы 63 мың литр жанармай ұрлаған. Олар үш жылға дейін шартты түрле бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде