jasqazaq.kz

Ақталған дәрігер түрмеге қайта тоғытылды

10 маусым 2020, 11:06

Шымкентте медбикені зорлаған дәрігер 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол алдында кінәсінің дәлелінің болмауына байланысты ақталған болатын.

2019 жылдың қыркүйегінде дәрігердің зорлық фактісі бойынша ұсталғаны туралы мәлімет тарады. Медбике полицияға арызданып, өзіне бастығы жұмыс орнында ұятсыз ұсыныс жасағанын, одан бас тартқанда зорлап тастағанын айтқан. Оның айтуынша, зорлық фактісі сәуір айында болған, ол бірден полицияға шағымданбаған, өйткені ол бұл мәселені аурухананың басшылығымен шешуге тырысқан.

Бір айдан кейін зорлады деп айыпталған дәрігер кінәсінің дәлелі болмағандықтан ақталып шықты.

Жәбірленуші бұл шешімге наразылық білдірді. Ақырында арада бір жыл өткенде медбике дәрігердің кінәлі екенін дәлелдеді.

Жақында Шымкент қалалық сотында сот отырысы өтіп, онда дәрігер кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Айыпты сот залында қамауға алынды. Сонымен қатар, дәрігерге жәбірленушіге 1 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеу міндеттелді. Сот айыпталушының бұрын сотты болмағанын, сонымен қатар оның кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескерді. Сондай-ақ, бір жыл бұрын зорлық-зомбылық орташа ауыр қылмыс болып саналғаны ескерілді.

zakon.kz

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі