jasqazaq.kz

Ақсуда қарттар үйі өртенді

24 қыркүйек 2021, 10:38

Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті7 Оқиға орнында жеке құрамнан 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 қыркүйекте сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27 мекенжайы бойынша Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. — Екінші корпустың бесінші қабатында № 14 палатада 2 шаршы метр алаңда матрац бықсып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 4-ші және 5-ші қабаттардан 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бесінші қабаттағы палатаның терезесіне құрастырылған қол оқпанын берді, — деді департаментте. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бөлімше қызметкерлері зардап шеккен 1937 жылы туған ер адамды эвакуациялады. Ол Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Өрт 19 сағат 09 минутта сөндірілді. Өрттің шығуына төсекте темекі шегу себеп болған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия