jasqazaq.kz

Ақсу қарттар үйінің 65 тұрғынынан коронавирус табылды

08 желтоқсан 2020, 16:12

Ақсу қарттар үйінің 65 тұрғынының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, мекеменің он бір қызметкеріне де осындай диагноз қойылды.

«Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін Ақсу орталығының 65 тұрғыны мен он бір қызметкерінен коронавирус анықталды», — деп хабарлады Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Айдар Ситқазинов. Басқарма басшысының айтуынша, инфекция жұқтырған 65 тұрғынның 33-і стационарға жатқызылған. «Жағдайлары – жеңіл және орташа. Бірақ қосымша сырқаттары болғандықтан, біз оларды Ақсу инфекциялық ауруханасына жатқызуды жөн көрдік. Сондай-ақ бір науқасқа бұған дейін ота жасалғандықтан, жағдайы ауыр», — деп толықтырды Ситқазинов мырза. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері ҚазАқпарат тілшісіне орталық тұрғындарының жағдайын бақылап отырғанын жеткізді. Тұрғындар стационарда ем алып жатыр, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, жағдайдың бәрі жасалған. Вирус жұқтырған он бір орталық қызметкерінің төртеуі үй карантинінде. Қажетті дезинфекциялық және санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жасалды.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде