jasqazaq.kz

Ақшаның күшімен тоқал болғаныма өкінемін

12 желтоқсан 2018, 12:28


Түркістан облысының  29 жастағы тұрғыны өзінің басынан кешкен тағдырын баяндап, жан сырымен бөлісті. Ол өзінен 21 жас үлкен азаматқа тоқал болып тұрмысқа шыққан.

Stan.kz  жазғандай, жасым 29-да. Түркістан облысының  тұрғынымын. Ата-анамды жерге қаратқаныма, тоқал болғаныма қазір өкінемін. Мен де ақымақтықпен өзімнен 21 жас үлкен азаматпен кездесіп жүрдім. Ол менің артымнан жас баладай жүгірді біраз. Бүгінде бірінші әйелі кіші қызымен бірге тұрады. Ал үлкен қызы шетелде оқиды. Осының бәрін біле тұра, пәк күйімде оған тоқал болуға келістім. Ал қазір кеткім келеді.
Алайда мені күйеуім жібермейді. «Менің тоқалым екеніңді бәрі біледі. Сені енді ешкім алмайды. Ешкімге керек емессің. Менсіз жеңіл жүріске салынып кетесің» деп айтады», — деген әйел бойжеткендерге өзінің қателігін қайталамауға кеңес берді.
«Қазіргі қыздарға айтарым, менің тағдырымды қайталамаңыздар! Біреудің күйеуіне қызығудың керегі жоқ. Қалтасындағы ақшасына қарап, үлкен азаматтарға жабыспаңыздар! Мен сияқты қыздардың беттері ғана жылтыр. Ал іштері өкінішке, көздері жасқа толы», — деді бейтаныс келіншек Instagram парақшасында.

Бүгін, 15:48
Астана – Нью-Дели диалогы
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді