jasqazaq.kz

Ақшаны баспаханадан басып шығарған

07 наурыз 2019, 23:20

Қызылорда қаласындағы жарнама агенттігінің қожайыны өзінің баспаханасында жалған ақша жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Былтыр Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің жедел іздестіру шаралары негізінде Қызылордада жалған ақша банкноттарын жасап шығарған жасырын цех анықталған еді. Жарнама агенттігінің иесі жасалған жалған ақшаны букмекерлік кеңседе күзетші болып жүрген Өзбекстан азаматы арқылы өткізуге уағдаласқан. Мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметі оларды қылмыс үстінде ұстады. Сол сәтте олар бір-біріне 5000 теңгелік банкноттың 132 дана қолдан жасалған нұсқасын өткізбек болған. «Жалған ақша жасау және оны өткізу туралы алдын ала келіскен олардың қылмыстық әрекеті толық дәлелденді. Олардың екеуі де Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылды. Оларға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаларын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді», — деді Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің басқарма басшысы Ардақ Биғалиев. Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда