jasqazaq.kz

«Ақшамды сыпырып алып кетті». Қайрат Нұртастың інісі Түркияда болған оқиға туралы айтып берді

21 сәуiр 2022, 10:50

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың інісі әрі өзі AlZaBi тобының құрамында өнер көрсетіп жүрген Заңғар Нұртас Instagram-парақшасында Түркияда қалай қомақты ақшасынан айырылып қалғанын айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Заңғар «бал айына неге анаңызбен бірге бардыңыздар» деп сұраған оқырмандарына жауап беріп, анасы жаңа іс бастағалы жүргенін айтты.

«Бұл бал айы болған жоқ. Жақсы жаңалығымыз бар. Анам мен Жібек бірге бір керемет жұмыс бастағалы жатыр. Сол жұмыс сапарымен барып қайттық», — деді ол.

Ол оқиға қалай болғанын әңгімелеп берді.

«Бұл әңгімеге күлкің де келеді, жылағың да келеді. Бірақ бәле-жала, тіл-көз осымен кетсін деп жатырмыз. Ыстамбұл қаласында Outlet center-де сағат қарап жатқан кезде бір алаяқтар келіп, әйелі мен күйеуі алдап, сиқыршы дей ме, ондайға бұрын сенбейтін едім, көзімді байлап, алдап, ақшамды сыпырып алып кетті. Көз алдымда басқа нәрсе болып жатты, камерада басқа нәрсе болыпты. Қалай ақшаны қолына бергенімді білмей қалдым», — деді әнші.

Әнші долларын көрсетем деп, алданғанын жеткізді.

«Ол кісі менімен 15 минут танысып, жақын арада Қазақстанға баратынын айтып, өзінің долларындағы печатьті көрсетіп, «Қазақстанға мені бұл ақшамен өткізе ме, сенің ақшаңда осындай печать бар ма» деп сұрап алды», — деді ол.

Ол алаяқтардың әрекетін кейін түсінген екен.

«Мына жерде ақшаның ортасына бір саусағын қойып, екіге бөліп, үстіңгі ақшаны резинкаға орап, оң қолымен менің назарымды жоғарыға аударып, сол қолымен астыңғы бөліктегі ақшаны қалтасына салып жіберді», — деді Заңғар Нұртас.

Сондай-ақ, ол оқырмандарына алданып қалмауға кеңес берді.

«Көп адамның басынан өтіпті бұл жағдай. Білмейтіндеріңіз біліп жүріңіздер, мен сияқты алданып қалмаңыздар», — деп түйіндеді әнші.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр