jasqazaq.kz

Ақша жымқырған мектеп бухгалтері сотталды

26 наурыз 2019, 15:29

Семейде ірі көлемде ақша жымқырған мектеп бухгалтері сотталды. 41 жастағы есепші әйел 3 жылдан бері өзі қызмет ететін Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектептің ақшасын жымқырып келген. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Лауазымын асыра пайдаланған есепші Шолпан Сагидоллина 2016 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қыркүйек айы аралығында мектеп қажеттілігі үшін бөлінген мемлекеттен бөлінген қаржыны өзінің жеке бас пайдасына жаратқан. Атап айтқанда бухгалтерлік құжаттарға екінші қол қою құқығын пайдалана отырып, Айнабұлақ жалпы негізгі білім беретін мектебінің жалпы сомасы 1 788 779 теңге қаржысын өз есебіне аударып алған. Қылмыстық істі қараған Семей қаласының №2 соты есепшіні сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша кінәлі деп таныды. Сот шешімімен есепшінің бас бостандығы 3 жыл 6 айға шектелді. «Сот айыпкерді Қазақстан Республикасы ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 55-бабы 4-тармағын қолданып, 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ол енді мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте, мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істей алмайды»,-деді қалалық №2 сотттың баспасөз қызметі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде