jasqazaq.kz

Ақша түбіме жетті

05 қараша 2018, 11:54


16 жыл бұрын лотореядан тарихтағы ең көп ұтысты жеңіп алған Джек Уиттакер бірден байып кеткенімен, кейінірек ақша оның түбіне жеткен.

«Аспаннан түскен» 314 миллион доллардың қалай жұмсалғаны туралы Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
2002 жылы 314 миилион доллар өте көп ақша саналатын. Джек 112 миллион доллар салығын төлеп, ұтысын толық қолына алған. Лотореяда жолы болған азамат ауқымды соманы ала салып, оны сатқан дүкендегі кассир қызға үй мен көлік алып береді.Осыдан кейін өзі тұратын қалада жұлдызға айналған Джектен барлығы қайырымдылық жолында ақша сұрай бастапты.2003 жылдан бастап ол түнгі клубтарға жиі барып, кейінірек тіпті киімі мен түр-әлпетіне қарауды да қояды.
«Киімі мыжылып, өзі кір қалпақпен жүре беретін. Ол алғашында «Мен Джек Уиттакермін. Менің айтқанымды барлығың тыңдайсыңдар… Менің ақшам Құдайдан да көп» деп айтатын», — дейді клуб қызметкері.
Көп уақыт өтпей оның көлігіне ұры түсіп, өзімен бірге алып жүретін сөмкедегі жарты миллион долларын қолды қылады.   Ал Джекпен бірге тұратын жалғыз немересі Бренда байлықтың кесірінен есірткіге салынып, 2004 жылы өлі күйінде табылған.2009 жылы Бренданың анасы да өзіне қол жұмсап өлген. Ал 2016 жылы олардың үйі өртеніп, таза тақырға отырыпты.
Джектің бұрынғы әйелі лоторея ұтысының өмірлерін күл-талқан еткенін айтады. Жұбайы да онымен келісетінін жасырмайды екен.»Немерем ақша үшін өлді. Ол менің өмірімдегі барым еді. Әйелім сол ұтыс шыққан билетті жыртып тастар едім дейді. Мен де солай істер едім», — дейді Джек Уиттакер.

Бүгін, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық