jasqazaq.kz

Ақша бар, адам жоқ

23 қараша 2018, 12:09


«Сәтті Жұлдыз» лотереясын ұйымдастырушылар 24 миллион теңге ұтып алған қарағандылықты осымен үшінші күн іздеп жатыр.
Loto 6/49 ойынының арнайы тиражындағы мультимиллионер 21 қарашада анықталған болатын. Ұтыс сомасы — 24 564 426 теңге. Ұтыс «5 сан және бонус шары» санатында шықты. Миллионер сату нүктесінде қарасын әлі көрсетпеді. Жеңімпаздың Қарағанды қаласында Степной 4 шағынауданындағы «Алмаз» дүкенінде ұтыс тіккені белгілі болып отыр. Жеңімпаз әлі табылған жоқ.
Ұйымдастырушылар жеңімпаздан 8 800 080 520 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласуын сұрайды.
Сәтті билет сатқан сатушы да ұтыстан құр алақан емес. Ол «Сәтті Жұлдыздан» ұтыстың 1 пайызы көлемінде, яғни 240 000 теңгені сүйінші ретінде алмақ.
Айта кетейік, Loto 6/49 ойыны 2018 жылдың 21 наурызында алғаш рет көрерменге жол тартты. Бұл лотерея әр сәрсенбі сайын өтеді. Қазіргі таңда «Сәтті Жұлдыз» лотереясы қазақстандықтарға 1 миллиардқа жуық ұтыс ақшасын төледі.

Караван

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді