jasqazaq.kz

Ақша алатын ұстазды қалай білуге болады?

30 мамыр 2019, 12:18

Шымкентте «Саналы ұрпақ» жобасы аясында жоғарғы оқу орындарында студент және оқытушы-профессорлардан жасырын сауалнама жүргізілген.

Шымкенттік студенттер мұғалімдерге ақшалай қаражат, А4 форматындағы қағаз және файлдар берген. Бұл туралы «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ерасыл Төлебаев өткізген брифинг барысында мәлім болды.
Оның айтуынша «Саналы ұрпақ» жобасы аясында қаладағы 9 университеттің 1700-ге жуық студент және оқытушы-профессорлардан сауалнама алынған. Жасырын сауалнаманың нәтижесі бойынша, университет студенттері мұғалімдерге 500-ден 100 000 теңгеге дейін ақшалай қаражат, сондай-ақ A4 қағаздары мен файлдар бергендігі анықталды. Өткізілген сауалнама нәтижелері бойынша білім беру қызметтеріне Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының студенттерінің 22%-ы, Silkway Халықаралық Университеті 19%, Академик А.Қуатбеков респонденттердің 11%, Шымкент университеті респонденттердің 18%, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті респонденттердің 5% ақша бергендігі мәлім болды.
Сауалнама барысында әртүрлі университеттердің студенттерінің жауаптары бойынша ақшалай қаражат алған 9 мұғалімнің аты-жөні анықталып, жорғары оқу орнын нәтижесімен таныстырған. Осыған сәйкес, анықталған тұлғаларға тиісті шаралар қолданылып, 4 оқытушы лауазымынан босатылыпты. Қалған 5-не сөгіс берілген.

Бүгін, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді